29 сәуір күні 93 "Айгөлек" балабақшасында "Мектепке дейінгі жастағы балаларды ұлттық құндылықтар негізінде ізгілікке тәрбиелеу" тақырыбы бойынша эксперименттік алаңның жабылуына арналған қалалық семинар өткізілді. Эксперименттік алаңның мақсаты: ұлттық құндылықтарды білім беру үрдісіне енгізу арқылы, жас ұрпақтың рухани -адамгершілік қасиеттерін дамыту, мәдени-тарихи мұраға құрметпен қарау сана-сезімін қалыптастыру және ізгілікке тәрбиелеу. 3 жылғы жұмыстың қортынды нәтижесі көрсетілді. Сол жұмыстардың барысында
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры п. ғ. к. доцент, балабақшаның ғылыми жетекшісі Ф. Н. Жұмабаеваның басшылығымен екі әдістемелік көмекші құралдар жарыққа шықты.
"Адамгершілікке тәрбиелеудегі интерактивті әдістер" Авторы, тәрбиеші: У. Т. Мусаева.
"Ұлттық құндылықтар әлемі" Авторы, тәрбиеші.: А. М. Оналбекова.
Семинар өте жоғарғы деңгейде өтті.
Л. Н. Гумилев атындағы Ұлттық университетінің
п. ғ. д профессор Жиенбаева. С. Н және Л. Н. Гумилев атындағы Ұлттық университетінің
п. ғ. к. доцент Ф. Н. Жұмабаева. 95 "Алматы" балабақшасының меңгерушісі А. Д. Смакова.
"Білім айнасы" журналының редакторы Ә. Ғалымбекқызы қонақта болып, іс-тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасты. 15 балабақшадан келген конактар керемет әсермен тарасты.
"Батыр"," Инабат", "Жібек"," Дарын" мектепалды топтар бүлдіршіндері белсене қатысып, өнерлері мен білімдерін ортаға салды.




Бренд пен трендті ұлттық нақышта үйлестіру мақсатында ересек, мектепалды топтар арасындар “Шапандар шеруі” өткізілді. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз👍🏻👍🏻👍🏻 Қолдау білдірген барлық тәрбиешілер мен ата-аналарға алғысымыз шексіз💐💐💐





«Айгөлек» балабақшасында «Тіл – ұлттың сүйенетін тамыры» атты жас мамандар арасында сайыс өткізілді. Сайыстың мақсаты жас ұстаздардың біліктілігін, өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға және бар күш-жігерін жұмсауға баулу және тіліміздің мәртебесін көтеру үшін кейінгі ұрпақты ұлтжанды төл тілімізге жаны ашитын патриот етіп тәрбиелеу. Жас мамандар жарқын болашақтың кепілі демекші балабақшамызда жігерлі, алғыр, сұлу да сымбатты, мақсаткер, айтқанды екі етпейтін, мінезі жайсаң, арманшыл, насихатты тез қабылдайтын жас мамандар арасында
«Тіл – ұлттың сүйенетін тамыры» атты сайыс өткізілді. Сайысқа қатысқан жас мамандар өздерінің білімділіктерін, алғырлықтарын, өз ісінің маманы екендігін көрсете білді. Жас мамандарға жарқын болашақ тілей отырып, жұмыстарына сәттілік тілейміз.


28 қаңтар балабақшамызда "Педогогикалық SABAQTASTYQ" жобасы аясында ұйымдастырылған "Баланың мектепке бейімделуі" атты семинар өтті. Мақсаты: Бастауыш сынып мұғалімдерін болашақ оқушыларымен таныстыру. Мұқағали Мақатаев атындағы 74 мектеп гимназиясы мен Мұхтар Әуезов атындағы 86 мектеп гимназиясынан бастауыш сынып мұғалімдері келді. Мектепке дейінгі жастағы балалардың топтық жұмысқа қарым-қатынас жасауға және мектептегі өмірге бейімделуіне арналған ойындар мен әдістерді көрсетті. Семинар балабақшадағы бүлдіршіндердің өнерін тамашалаумен басталып, ұйымдастырылған іс-әрекетімен жалғасты. Мектептен келген бастауыш сынып мұғалімдері балалардың іс-әрекеттері мен алғырлықтарына сүйсініп, тәрбиешілердің жұмысын жоғары дәрежеде бағалап, риза болып тарады.


Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары арасында ұйымдастырылған “Ертегілер еліне саяхат” қалалық байқауынан 2 орын жеңімпазы атандық. Қатысқан “Жібек” тобының тәрбиеленушілері мен Лаззат Сарсенбаевна, музыка жетекшісі Мейрамгуль Қазбекқызын шын жүректен құттықтаймыз. 👍🏻👍🏻👍🏻🥈🥈🥈🥈

Организовано республиканскими порталами «Орлеу».

