29 сәуір күні 93 "Айгөлек"  балабақшасында "Мектепке дейінгі жастағы балаларды ұлттық құндылықтар негізінде ізгілікке тәрбиелеу"  тақырыбы бойынша эксперименттік алаңның жабылуына  арналған қалалық семинар өткізілді. Эксперименттік алаңның мақсаты: ұлттық құндылықтарды білім беру үрдісіне енгізу арқылы, жас ұрпақтың рухани -адамгершілік қасиеттерін дамыту, мәдени-тарихи мұраға  құрметпен қарау сана-сезімін қалыптастыру және ізгілікке тәрбиелеу. 3 жылғы жұмыстың қортынды нәтижесі көрсетілді. Сол жұмыстардың барысында

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия  Ұлттық университетінің профессоры п. ғ. к. доцент, балабақшаның ғылыми жетекшісі  Ф. Н. Жұмабаеваның басшылығымен екі әдістемелік көмекші құралдар жарыққа шықты.

"Адамгершілікке тәрбиелеудегі интерактивті әдістер" Авторы, тәрбиеші:  У. Т. Мусаева.

"Ұлттық құндылықтар әлемі"  Авторы, тәрбиеші.: А. М. Оналбекова.

Семинар өте жоғарғы деңгейде өтті.

Л. Н. Гумилев  атындағы Ұлттық университетінің 

п. ғ. д  профессор Жиенбаева. С. Н және Л. Н. Гумилев  атындағы Ұлттық университетінің 

п. ғ. к.  доцент Ф. Н. Жұмабаева. 95 "Алматы" балабақшасының меңгерушісі А. Д. Смакова.

"Білім  айнасы" журналының редакторы  Ә. Ғалымбекқызы қонақта болып, іс-тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасты. 15 балабақшадан келген конактар керемет әсермен тарасты.

"Батыр"," Инабат", "Жібек"," Дарын" мектепалды топтар бүлдіршіндері белсене қатысып, өнерлері мен білімдерін ортаға салды.

 

Мекен-жайы

Астана қаласы, К. Әзірбаев к-сі 12/1

Телефон

Күзет: +7 (7172) 24 82 09

Қабылдау: +7 (7172) 24 88 77

Бухгалтер: +7 (7172) 24 88 66

Электронды пошта

sadik@aygolek-ds.edu.kz

© 2026. Барлық құқықтар қорғалған.